Қостанайда тұрғыннан 6 млн теңге бопсалаған күдіктілер қолға түсті

479

Бопсалаушылар 18 бен 20 жаc аралығындағы азаматтар.   

Қостанайда тұрғыннан 6 млн теңге бопсалаған күдіктілер қолға түсті Фото: polisia.kz

Бопсалаушылар 21 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты елеусіз сылтауды пайдалана отырып, одан 6 млн теңге көлемінде ақша қаражатын талап еткен.

 – Күдіктілер жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстады, сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, денсаулығына қауіп төндірді, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Заңсыз әрекеттер барысында бопсалаушылар 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемдене алды, дегенмен жәбірленушіге қатысты жеңіл пайда табу әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ және олар одан ақша талап етуді жалғастырды.

Жәбірленуші полицияға арыз берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамауында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу