Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов қалалық мәслихат комиссиясының отырысында автобуста жол жүру ақысын көтеру туралы үкімге қол қойды. Мұны Қостанай қалалық ТШК, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ержан Көкішев мәлімдеді.
Бүгінге дейін қостанайлықтар автобуста 60 теңге төлеп келсе, бұдан былай 80 теңге төлейді. Қала шетіне және саяжайға баратындар 90 теңге төлейді. Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 жасқа дейінгі бала, Ұлы Отан соғысының ардагері мен қатысушысы, 1 және 2-топтағы көзі нашар көретін мүгедек тегін жүреді. 7-15 жас аралығындағы балаға 50% жеңілдік сақталады. Зейнеткер барлық тарифтен 10 теңге аз төлейді. Қостанай қалалық әкімдігі жаңа тариф бұл өзгеріс 2017 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енетінін айтады.