Қостанайдағы байқауға 135 бала қысқаметражды кино туындысын ұсынды

968

Қазір онда "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты республикалық фестиваль өтіп жатыр. 

Қостанайдағы байқауға 135 бала қысқаметражды кино туындысын ұсынды

Қостанай екі күнге балалар киносының орталығына айналды, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір онда "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты республикалық фестиваль өтіп жатыр. Еліміздің әр өңірінен келген 135 бала түрлі жанрдағы қысқаметражды кино туындыларын байқауға ұсынған. Бейнематериалдар әлеуметтік жарнама, анимация, видео-арт, музыкалық клип сияқты 9 аталым бойынша сараланады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ фестивалге қатысушылар кино өнерінің кәсіби мамандарымен кездесіп, шеберлік сабақтарын алу мүмкіндігіне ие.

"Негізгі мақсат – балалардың шығармашылық деңгейін, олардың ой-пікірлерін, ой ұшқырлық денгейін анықтау. Бұл жерде балалар өздерінің еліндегі, жергілікті жерлеріндегі әртүрлі мәселелерді кино арқылы, номинациялар арқылы жеткізе алады",– дейді республикалық қосымша білім беру, оқу-әдістемелік орталығының сарапшысы Әсемгүл Нұрланова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу