Қостанайдағы кәсіпорында жұмысшы әйел қолынан айырылды

343

Арнайы комиссия өндірістегі ауыр жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауда.  

Қостанайдағы кәсіпорында жұмысшы әйел қолынан айырылды Фото: Zakon.kz

Қостанай облысындағы балық өңдеу кәсіпорнында болған ауыр өндірістік жарақатқа байланысты арнайы тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорын қызметкері өндірістік еттартқышпен жұмыс істеу кезінде ауыр жарақат алып, оң қолынан айырылған.

Облыстық еңбек инспекциясы департаментінің хабарлауынша, жазатайым оқиға туралы ақпарат ведомствоға 2026 жылғы 8 мамырда түскен. Еңбек заңнамасына сәйкес мұндай жағдайлар арнайы тергеуге жатады.

Жарақаттың ауырлық дәрежесі жөніндегі ресми медициналық қорытынды 28 мамырда алынғаннан кейін, 29 мамырда арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдері енгізілді.

Қазіргі уақытта комиссия оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу