Қостанайдағы өрт: Азық-түлік жеткілікті, қаржылай көмек керек!

561

Қостанайда өрттен зардап шеккендерге Ақтөбе жұртшылығы да жылу жинап жатыр. Облыстық "Нұр-Ғасыр" мешіті арнайы көмек штабын құрды. Ол  жерде зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік жинаймыз деп хабар берген еді. Алайда қазір қаржылай көмек қабылдауға кіріскен.

Қостанайдағы өрт: Азық-түлік жеткілікті, қаржылай көмек керек!

"Қостанаймен үнемі байланысып отырмыз. Сол жақтағы "Зекет" қорының өкілімен тілдескенімізде азық-түлік, киім-кешек жеткілікті екенін айтты. Ел болып жеткізген екен. Ол кісілердің сұрап жатқаны – қаржы, өйткені, баспана тұрғызуға байланысты және де төсек-орындар, тұрмыстық заттар бұйымдарды сұратып жатыр. Қазіргі таңда "Нұр-Ғасыр" мешітінде Ақтөбенің халқының өзі 500 мыңдай қаражат жинады, одақ бөлек 12 ауданда да жиналып жатыр. Аптаның соңына дейін  қабылдаймыз. Сонан соң, жамағатқа есебін беріп, Қостанайға аударамыз деп отырмыз", – деді облыстық "Нұр-Ғасыр" мешітінің наиб-имамы Алмат Әли. 

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу