Қостанайдағы өрт елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – АШМ

758

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Қостанай облысындағы өрттен дәнді дақыл егісі аздап қана зардап шекті, бұл "елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді". 

Қостанайдағы өрт елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – АШМ

Ведомство қазір өрт жөніндегі комиссия жұмысының түпкілікті нәтижелерін күтіп отырғанын айтты ол, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қостанай облысындағы өрт кезінде, егер зардап шеккен егістіктер бар болса, аса үлкен көлемде емес. Біз қазір комиссияның соңғы нәтижелерін күтеміз, бұл азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді", – деп сендірді Қарашөкеев.

Ол Қостанай облысында ғана емес, бүкіл ел аумағында бүгінгі күні егіс алқаптарының 60%-ға жуығы жиналғанын атап өтті. Сондықтан "егін жиналады, шығын болмайды" деп сендіреді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу