Қостанайда жуырда орнатылған жаңа аялдама құлап қалды

538

Қостанайда жаңадан орнатылған аялдама желдің екпініне шыдас бермей қирады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қостанайда жуырда орнатылған жаңа аялдама құлап қалды Фото: top-news.kz

"Қостанай-2" шағынауданының тұрғыны сапасыз аялдаманың құлап қалғанына шағамданған. Жуырда ғана ескісінің орнына жаңасын орнатқан екен. Қар мен жаңбырдың астында жүретін көпшілік жаңа аялдаманың салынуын үш жыл күткен.

Жергілікті тұрғын Людмила Понкратованың айтуынша, аялдама құлаған сәтте сол жерде адам болмаған. Аялдаманың сапасына жауапты мекемеге шағымданған. Олар темір бағандарды мықтап орнатуға уәде берген. Қазір жұмысшылар аялдаманы жөндеуге кірісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу