Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальоны взводының командирі Медет Қойшығұлов жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкері уақыт оздырмай, көп ойланбастан суға секіріп адамды құтқаруға кіріседі. Тәртіп сақшысының батыл әрі кәсіби әрекетінің арқасында 34 жастағы ер адам судан аман-есен шығарылды.
Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсету мақсатында ол медициналық мекемеге жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу