Сот үкімімен соң Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаевадан мемлекетке тәркіленген мүлік тізімі және қаржы көлемі жария болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар:
– "Vela Village" коттедж қалашығындағы жеке үй;
– "Akbulak Riviera", "Sensata Plaza", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақтар;
– "Mercedes-Benz S450" 2024 ж., "Lexus LX 600" 2024 ж;
– "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
– 97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары.
– Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет әрі аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру әрекеті жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағымен, банк құжаттары және заттай толық дәлелденді, – деді судья Сабыржан Кәрімов.
Бұған дейінгі өткен сот процестерінде айыпталушылардан тәркіленуі мүмкін дүние-мүліктер сөз болған еді.