Қожа Ахмет Ясауидің сирек еңбектері Түркістандағы көрмеге қойылды

299

Іс-шара Республика күні қарсаңында өтті.

Қожа Ахмет Ясауидің сирек еңбектері Түркістандағы көрмеге қойылды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы "Фараб" облыстық кітапханасында "Қожа Ахмет Ясауи мұралары" кітап көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрмеге отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және музей ісінің мамандары қатысты. Олардың қатарында Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген зерттеушілер болды.

Кітап көрмесіне Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, рухани мұрасын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар жинақтары, аудармалар мен сирек басылымдар қойылды.

Көрме "Сырдарияның орта және төменгі ағысы алабындағы түркі мәдениеті" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтіп, оны 200-ге жуық адам тамашалады.

Көпшілік Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған ғылыми еңбектермен танысып, Қазақстан мен шетел ғалымдары зерттеу нәтижелері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу