Қожаев Шымкенттің гүл дүкеніндегі оқиға жайлы: Полицейлер де қоғам мүшесі

511

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Шымкенттің гүл дүкенінде гүлді тартып әкеткен заңбұзушылардың ісі жөнінде сұраққа жауап берді. 

Қожаев Шымкенттің гүл дүкеніндегі оқиға жайлы: Полицейлер де қоғам мүшесі Фото: otyrar.kz

"Біз бұл оқиғаны әлеуметтік желі арқылы білдік. Сол күні тексеріс басталып, тиісті ақпаратты бердік. Полицейдің үстінен сотқа дейінгі іс басталды. Істі ішкі қауіпсіздік қызметкерлері жүргізіп жатыр", - дейді ол үкімет кулуарында.

Вице-министр оның экс-прокурор екенін немесе емес екенін растай алмайтынын айтты.

"Менің айтарым – гүлді алып кеткен адам учаскелік полиция қызметкері болғанын растаймын. Біз реформаларды жүргізіп жатырмыз. Біздің қызметкерлер аспаннан аяғы салбырап түспейді. Олар да қоғам мүшесі. Қоғамда қандай үрдістер болып жатса, полиция қатарында да сол қайталанды. Бізде 126 мыңға жуық қызметкер бар. Арасында әртүрлі жағдай болады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу