Қозы етін Парсы шығанағы елдері мен Қытайға экспорттаймыз

1289

Қой шаруашылығын қолдау шаралары қайта қаралды.

Қозы етін Парсы шығанағы елдері мен Қытайға экспорттаймыз

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қой шаруашылығын дамыту жоспарын жариялады. 

"Қой шаруашылығында негізгі міндет – мал басы санын көбейту және зәкірлік кооперацияны дамыту. Қой шаруашылығындағы зәкірлік кооперацияның жобасы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асырылуда. Казіргі уақытта Алматы облысында Бауман неміс компаниясымен қой етін қайта өндейтін заманауи ет комбинатын салу жобасы пысықталып жатыр", – деді Сапархан Омаров.

Былтыр министрлік 1059 шаруашылықтың 374 мың бас қой сатып алуын қаржыландырған. Биыл 360 мың бас қойды сатып алуға қолдау көрсетіледі.
"Бүгінге дейін 28 мың бас қой сатып алынды", – деді министр. 

Сапархан Омаровтың сөзінше, біздің елде қой еті экспортының әлеуеті жоғары.

"Қозы етін Парсы шығанағы елдеріне және Қытай нарығына экспорттау  тәжірибеміз бар. Осыған орай министрлік фермерлік шаруашылықтарды мал басын көбейтуге ынталандыру мақсатында салалық одақпен бірлесіп, қой шаруашылығының қолданыстағы қолдау шараларын қайта қарады. Субсидиялау механизмдерін пысықтады. Тиісті өзгеріс жобасы мемлекеттік органдарға жөнелтілді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Фото: сельхозпортал.рф

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу