ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары Мәскеуге жол жүрмек

1121

Себебі, Ресей тарапы 1 қазаннан бастап Қазақстаннан баратын барлық мал шаруашылығы өніміне тыйым салуы мүмкін.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары Мәскеуге жол жүрмек

Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары 1 қазаннан бастап қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге тыйым салу ықтималдығына қатысты жағдайды анықтау үшін бүгін Мәскеуге жол жүрмек. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Ветеринарлық бақылау комитетінің тиісті ведомствосы мамандары, IT-қызмет әріптестермен жұмыс жасап жатыр, олар бүгін барлығын анықтау үшін Мәскеуге ұшады", - деді ол.      

Ресейлік тарап өтінішінің негіздігі жайлы сұраққа жауап берген вице-министр: "Бұл олай болмауы да мүмкін. Апта соңына дейін барлығы белгілі болады", - деді.
Еске сала кетсек, өткен аптада  Россельхознадзодың баспасөз хатшысы Юлия Мелано 1 қазаннан бастап Қазақстаннан әкелінетін барлық мал шаруашылығы өніміне тыйым салынуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Бұл шара қазақстандық құзыретті ведомство Ресейге мал шаруашылығы өнімін жеткізу мен өндіру процесінің толық қадағалануын қамтамасыз етпейтінімен байланысты екенін айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу