ҚР CІМ Астанада Энтони Блинкеннің қатысуымен өтетін ресми шараларды атады

533

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары кезінде қандай кездесулер жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ҚР CІМ Астанада Энтони Блинкеннің қатысуымен өтетін ресми шараларды атады Фото: Twitter/SecBlinken

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізетіні хабарланған еді.

"Ертең Астанада Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың сыртқы істер ведомстволары басшыларының 5С+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді. Бүгінде оған барлық шетелдік Орталық Азия елдерінің министрлері қатысатыны расталды. С5+1 министрлер кездесуінде АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен энергетика және экология экономикасы, сонымен қатар терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр", - деді Айбек Смадияров.

СІМ-нің мәліметінше, бүгінде С5+1 тетігі өзін Орталық Азияның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде аймақтық ынтымақтастыққа жәрдемдесетін тиімді дипломатиялық платформа ретінде көрсетіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу