ҚР ЭМ: алдағы 7 жылда АЭС салу мәселесі өзекті болмайды

1191

ҚР ЭМ: алдағы 7 жылда АЭС салу мәселесі өзекті болмайды

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде  алдағы 7 жылда АЭС салу мәселесі аса маңызды болмайды деп санайды.

 "Қазақстанда электр энергиясының рофициті жазда – 5 мың мегаватт,  қыста шамамен 3,5 мың мегаватт көлемінде болады.  Біз ұзақмерзімдік (...) баланс, жетіжылдық болжам жасап қойдық. Жеті жылдық кезеңде тапшылық болмайды. Сондықтан атом станциясын салу секілді жаңа қуаттылықтың қажеттілігін көріп тұрған жоқпыз", – деп мәлім етті сәрсенбіде Астанада тілшілердің сұрағына жауап берген энергетика министрі. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" хабарлайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу