ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ отырысына қатысты

763

Қанат Бозымбаев Саудияның энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрімен, Әзірбайжан энергетика министрімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ отырысына қатысты

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев 17-18 наурызда Бакуде өткен ОПЕК+ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі

Мониторинг комитетінің қатысушылары 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған өндіру көлемін қысқарту туралы шешімнің оң әсерін атап өтті. 2018 жылғы желтоқсаннан бастап мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалық қорларының әлемдік көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Отырыста нарықты одан әрі тұрақтандыру үшін ОПЕК+ келісіміне қатысушы барлық елдер қабылдаған міндеттемелерді сақтауды жалғастыру қажеттігі туралы тағы да атап өтті.

Мониторинг комитетінің кездесуі аясында Қанат Бозымбаев Саудияның энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен, Әзірбайжан энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар аспектілерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында ОПЕК + елдері өндіруді 1,2 млн баррельге қысқарту туралы кезекті шешім қабылдады. Қазақстан өндіруді 40 мың баррельге қысқарту бойынша өзіне міндеттеме қабылдап, осы шешімге қосылды (тәулігіне 1,86 млн баррельге дейін).

ОПЕК + келісімі мұнай нарығын тұрақтандыруға елеулі әсер етті. Мәміле мұнай бағасын 60-70 доллар дәлізде бекітуге көмектесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу