ҚР қаржы министрлігі сукук исламдық құнды қағаздарын биржаға шығармақ

975

ҚР қаржы министрлігі сукук исламдық құнды қағаздарын биржаға шығармақ

Биыл ҚР қаржы министрлігі $300 млн-ға дейін АХҚО биржасына орналастыру арқылы мемлекеттік сукук исламдық құнды қағаздарын шығаруды жоспарлауда. Бұл туралы АХҚО исламдық қаржыландыру департаментінің директоры Әлібек Нұрбеков айтты, деп хабарлайды forbes.kz.

"Капитал нарығына қатысты айтар болсақ, мемлекетіміз Қазақстан Даму Банкі атынан 2012 жылы экономиканың нақты секторына сукук исламдық құнды қағаздарды алғаш шығару арқылы $76 млн тартты. Биылғы жылы, ҚР қаржы министрлігі посткеңестік кеңістікте алғашқы болып $300 млн дейін АХҚО биржасына орналастыру арқылы мемлекеттік сукук исламдық құнды қағаздарын шығаруды жоспарлауда. Оған қоса, ICD осы жылы Қазақстан нарығында ұйымдастырылған, қаржы институттарына келешекте қаражат ұсыну мақсатында көлемі $100 млн-ға жететін сукук ислам құнды қағаздарын шығару арқылы қаржы келтіруді жоспарлауда", - дейді Әлібек Нұрбеков сұхбатында.

Айта кетсек, АХҚО-ның қызметі ИДБ-нің Қазақстандағы басқарушы кеңсесі ретінде қызметі 2016 жылдың наурыз айынан басталды. Сондай-ақ, АХҚО және ИДБ арасында қол қойылған меморандум ИДБ тобы мен Қазақстанның мемлекеттік және жеке құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, олардың ИДБ тобымен қарым- қатынасын үйлестіруге бағытталған.

Boston Consulting Group (BCG) компаниясының пайымдауынша жалпы АХҚО-ның құрылуы арқылы 2025 жылға қарай исламдық қаржы активтерінің үлесі $4 млрд-тан ($3 млрд-тан аса – банкинг және $1 млрд-тан аса – капитал нарығы) асуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу