ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің қазасына қатысты түсініктеме берді

2296

Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің қазасына қатысты түсініктеме берді

ҚР Қорғаныс министрлігі Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметшінің қаза болуына қатысты түсініктеме берді.  

"2019 жылғы 22 тамызда Қапшағай қаласында әскери қызметшілер Ми-17 тікұшағынан парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Полковник С.С. Алдынғұров шамамен 200-250 метр биіктіктен секіру барысында қауіпсіздік техникасын бұзғандықтан, негізгі парашюті ағытылып кеткен. Әскери қызметші қосалқы парашютті қолданған, бірақ биіктіктің жеткіліксіздігінен парашют ашылып үлгермеген. Соның салдарынан полковник Алдынғұров қаза тапты", – делінген министрліктің мәліметінде.

Ведомство парашюттен секіру жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізілгендігін, ауа райы да қолайлы болғандығын айтып отыр.

"Алдынғұровтың 100-ден аса секіруді орындаған. Соның ішінде, күрделі, ұзаққа созылған, күндізгі және түнгі секірулер бар. Қазіргі уақытта оқиға себептері анықталуда. Әскери қызметшінің қаза болуы факті бойынша "Қызметке салғырт қарау салдарының ауыр жағдайға әкеп соғуы" ҚР ҚК 453 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды",– делінген таратылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу