ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері парамен ұсталды

1047

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері парамен ұсталды

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің орталық кедендік зертханасы" ӨММ бас маманы 150 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

"Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана бойынша департаменті мұнай өнімдері сараптамасына оң қорытынды бергені үшін жеке кәсіпкерден 150 000 АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде ҚР МКК Орталық кеден зертханасының бас маманы А.Б. Агубаев ұсталды", - делінген хабарламада.

Күдікті Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сот алды тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу