ҚР мен ҚХР бас прокурорлары Санкт-Петербургте екіжақты кездесу өткізді

999

ҚР мен ҚХР бас прокурорлары Санкт-Петербургте екіжақты кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының бас прокуроры Жақып Асанов Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 27-ші отырысына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 15-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Отырысқа ТМД және ШЫҰ елдерінің - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер - Ауғанстан, Иран және Моңғолия өкілдері қатысты.
ТМД мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысы аясында бас прокурор Жақып Асанов "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету" тақырыбында баяндама жасады және мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасы аясында қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарының тәжірибесімен бөлісті.
Сапар барысында Ж.Асанов Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Цао Цзяньминмен екі жақты кездесу өткізді. Кездесу барысында өзара түсіністік және шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясының бас прокуроры Ю.Чайка және Ауғанстан Ислам Республикасының бас прокуроры М.Хамидимен кездесулер өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу