ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті

994

Қазынаның кіріс-шығыны жабық есік форматында талқыланды.

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті

Былтырғы бюджеттің атқарылуына Бұқаралық ақпарат құралдарының қатыспағанын айтпағанда, жиынның онлайн-көрсетіліме де болмады, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал отырысты жүргізуге міндеттелген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ковид-19 жұқтырып алғандықтан шараға қатыспаса, негізгі лауазымды тұлға Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова да ауырып қалып, орнына орынбасары келген. Сондай-ақ Парламент палаталарының бірлескен отырысында министрлердің біразы аты жаман дертке шалдыққаннан атсалыспады.

Еске салайын, бұған дейін Есеп Комитетінің төрайымы бюджеттің шығынында көптеген кілтипан тапқан. 428 млрд теңгенің негізсіз жұмсалып, экономиканың қаржылануы 4 жыл бұрынғы 42 пайыздан 31 пайызға бірақ құлдырағанын айтқан. Ал 1,5 трлн теңгелік салықтық түсімдердің 11 пайызы ғана корпоративтік табыс салығы, ал 82 пайызы қосымша құн төлемдері екенін жеткізген. Ұлттық компаниялар қазынаны талан-таражға салып жатқанда, қарапайым халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсауда деген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу