ҚР Парламенті Сенатының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өтеді

535

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР Парламенті Сенатының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды.

ҚР Конституциясының 44-бабының  2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу