ҚР Премьер-Министрі Көлік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

438

Отырыста жолаушылар вагондарын шығару, теміржол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.  

ҚР Премьер-Министрі Көлік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тариф саясатын оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы Қазақстанның теміржол транзиті дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.

"Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет", – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, ЕАЭО-да көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және өзге де шаралар кешенін қарастырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу