ҚР премьер-министрі өндірістік цехтарды аралап шықты

843

ҚР премьер-министрі өндірістік цехтарды аралап шықты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағандыдағы металлургиялық кремний шығаратын зауытты жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев кремний балқытпасын шығару, тазарту және құю жүзеге асырылатын өндірістік цехтарды аралап шықты, сондай-ақ кремнийді аралық сақтау қоймасына барды. "Tau-Ken Temir" ЖШС басқарма төрағасы Мұрат Жүкенов ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа технологиялық үдерістердің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ кәсіпорынды дамыту бойынша ағымдағы жетістіктер мен жоспарлар туралы баяндады.  

 

2018-2019 жылдары 1,5 млрд теңге сомаға инвестициялық бағдарламаны іске асыру жоспарланған, ол шикіқұрамалық материалдар қоймасын салуды, паркті жаңартуды және технологиялық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді. Кәсіпорынды дамыту жоспарлары ҚР президенті Н. Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауын орындау аясында өнеркәсіптік кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмысқа сәйкес келеді.

"Tau-Ken Temir" ЖШС кәсіпорны 2014 жылы пайдалануға берілген және электрпештер өндіретін көшбасшылардың бірінің бірегей еуропалық жабдығына ие. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 24 мың тонна металлургиялық кремнийді құрайды. Жобаның артықшылығы толық экспортқа бағытталғандығы болып табылады. Кәсіпорын өнімдері алыс және таяу шетелге, атап айтқанда АҚШ, ЕО елдеріне, Ресей және Белоруссияға экспортталады, оған қоса өнімдегі қазақстандық қамту 80% құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу