ҚР Президенті жұмыс сапарымен Минск және Баку қалаларына барады

445

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі жарияланды.

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Минск және Баку қалаларына барады Фото: inbusiness.kz

Президенттің алдағы күндері жұмыс сапарымен қайда баратыны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақорданың желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың 23 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Содан кейін, 24 қараша күні Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу