ҚР СІМ Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне мәлімдеме жасады

895

"ҚР Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының біржақты түрде 2020 жылдың 9 сәуірінен бастап екі апта мерзімге Йемен Республикасында оқ атуды тоқтату бастамасына қошемет білдіреді".  

ҚР СІМ Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

"Біз бұл шешімнің йемен халқына COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы тұруға көмектесетініне, сондай-ақ оқ атуды түбегейлі тоқтату үшін қажетті жағдай жасауда және Йемендегі жанжалды жан-жақты қамтылған саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздерді жандандыру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт артамыз", - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу