ҚР СІМ Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

674

ҚР СІМ Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп және Корей Халық Демократиялық Республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ынның 2018 жылғы 12 маусымда Сингапур қаласында өткен кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме СІМ ресми сайтында жарияланды.

"Аталған саммитті Вашингтон мен Пхеньян арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ КХДР мен халықаралық қоғамдастық арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін маңызды тарихи оқиға ретінде қарастырамыз", - делінген мәтінде.

Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі және ядролық қарудан азат әлемді құруды қолдайтын мемлекет ретінде мүдделі мемлекеттердің келіссөз процесін жалғастыру жөніндегі күштерін қолдайтыны айтылған.

"Бұл тұрғыда Астана Пхеньянның ядролық қаруды жоюға деген ұмтылысын жоғары бағалайды және әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, ең ірі ядролық сынақ орындарының бірін жапқан сондай-ақ ЯҚТШ және ЯСЖТШ аясында белсенді жұмысы арқылы жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстанның жолын таңдауға шақырады".

Еліміз Солтүстік Корея дағдарысы тек бейбіт түрде реттелу сипатына ие екендігіне сенім білдіріп, барлық мүдделі тараптарды Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөздер процесін қолдауға үндейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу