ҚР СІМ қазақстандықтарды Украинаға барудан бас тартуға шақырды

1262

Бұл ұсыныс аталған елдегі геосаяси тұрақсыздыққа байланысты жасалып отыр. 

ҚР СІМ қазақстандықтарды Украинаға барудан бас тартуға шақырды

ҚР Сыртқы істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары Шахт Нұрышев Украинаға баруға ниетті қазақстандықтарды бұл ойынан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен қазір Украинаға бару туралы ойланып жүрген біздің азаматтарымызды ойларынан бас тартуға шақырар едім. Қазір бұл азаматтар Украинаға барып, қандай-да бір жағдайға тап болса, олар кімге хабарласады? Сыртқы істер министрлігіне, елшілікке. Сондықтан мен азаматтарымыздан осындай ойдан аулақ болуды сұраймын", – деді Нұрышев желіде Украинаға ерікті болып бару туралы жазып жүрген БАҚ өкілдеріне . 

Ол Киевпен әуе қатынасы тоқтамаған кезде, Қазақстан елшілігі ел азаматтарына Украинадан кетуді ұсынғанын еске салды.

"Көптеген адамдар ұсыныстарымызға құлақ асқан жоқ. Кейін бәрі басталған кезде "елшілік жұмыс істемеді, Сыртқы істер министрлігі жұмыс істемеді" дегендей сындар айтты", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу