ҚР СІМ ресми өкілі экс-депутат Әбілдаев жайлы сұрақ қойған журналистерге "органдарға жүгінуге" кеңес берді

494

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтуынша, партия өз шешімін қабылдаған. Ол енді Қазақстанның қарапайым азаматы. 

ҚР СІМ ресми өкілі экс-депутат Әбілдаев жайлы сұрақ қойған журналистерге "органдарға жүгінуге" кеңес берді Фото: rus.azattyq.org

"Бұл бойынша ештеңе айта алмаймын. Партияның басшылығы (Ақ жолы) өз шешімін қабылдады. Қазір ол Қазақстанның қарапайым азаматы. Ешқандай саяси қызметі жоқ. Егер сіздерге оның сөзі ұнамаса немесе сөзінен қарама-қайшылық көріп жатсаңыздар, онда құқық қорғау органдарына сөздеріне сараптама жүргізу жөнінде өтініш білдіруіңізге болады", - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей әскерінің Украинаға басып кіруін қолдаған Азамат Әбілдаевтың сұхбаты қоғамда резонанс туғызған еді. Осы сұхбатынан кейін Әбілдаев Ақ жол партиясы қатарынан шығарылды. ОСК артынша оны Мәжілістегі өкілеттігін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу