banner

ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барды

588

Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі (ПШАМЫК) елдерінің сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі өтті, деп жазады inbussines.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барды

Кездесу барысында барлық қатысушы елдер бұл бастаманың өзектілігін, кездесулерге тұрақты сипат беру және ынтымақтастық форматын басқа салаларға кеңейту қажеттілігін растады.

Іс-шара қорытындысы бойынша саяси диалог пен қауіпсіздік, экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты өзара іс-қимыл 6 салаларын қамтитын 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық диалог пен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары, сондай-ақ баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме қабылданды.

2023 жылы Өзбекстанда келесі кездесуді және Қазақстанда Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастығы жөніндегі кеңестің бірінші экономикалық форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жұмыс сапары аясында М.Тілеуберді Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман, Түрікменстан, Тәжікстан сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, сондай-ақ Сауд Арабия Корольдігінің инвестициялар министрі және "SABIC", "Ajlan&Bros" және "Maaden" компанияларының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу