Дипломаттар бұл іске қатысты негізгі жайтты нақтылап, азаматтың шетелде ұсталғанын және мәселе бақылауда екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, тінту барысында күдіктілерден "метадон" есірткісі аса ірі көлемде табылған.
Сондай-ақ оны буып-түюге арналған материалдар тәркіленген. Жалпы бұл іске қатысты екі күдікті ұсталған, бірақ екеуі әртүрлі уақытта қолға түскен.
Грузия заңнамасына сәйкес, мұндай айыптар бойынша жаза 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу