Айтулы күнге орай ведомствоның қызметкерлері мен ардагерлерін Жер орбитасынан "Роскосмос" ғарышкерлері құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық ғарыш станциясы экипажының құрамында болған "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев, Олег Платонов құттықтау сөздерін жолдады.
Өз үндеулерінде олар қазақстандық құтқарушыларға олардың ержүрек әрі жанқиярлық еңбегі үшін құрмет пен алғысын білдірді.
"Құрметті Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің қызметкерлері мен ардагерлері! Біз, "Роскосмос" ғарышкерлері – Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев және Олег Платонов, сіздерді Халықаралық ғарыш станциясының бортынан сәлем жолдаймыз.
Сіздерді Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймыз. Сіздердің қызметтеріңіз ерлік, жанқиярлық және парызға адалдықтың айқын көрінісі.
Сіздер күн сайын адамдардың өмірін құтқарып, халықты түрлі апаттардан қорғап келесіздер. Сіздер бірлік пен рух күшінің үлгісісіздер. Сіздерге амандық, игілік және жаңа жетістіктер тілейміз. Мерекелеріңізбен!" – делінген құттықтауда.