ҚР үкіметі әлемнің 30 елінің инвесторларымен кездесу өткізді

696

ҚР үкіметі әлемнің 30 елінің инвесторларымен кездесу өткізді

Бүгін Астанада Қазақстан үкіметі индустрияландыру күні қарсаңында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылық етуімен 100-ден астам ірі халықаралық компаниялардың өкілдерімен Қазақстанға инвестиция салудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев өз баяндамасында "PriceWaterhouseCoopers және Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бүгінде салық ахуалының қолайлылық деңгейі бойынша 189 елдің ішінде 18-ші орынға ие" екенін атап өтті.

Сондай-ақ, премьер-министр Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде әлемнің 190 елі арасында 36-орынға ие екенін алға тартты.

"Рейтингтің барлық 10 индикаторы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді: миноритарлық инвесторларды қорғау индикаторы бойынша - бірінші орында, келісімшарттарды орындау көрсеткіші бойынша – алтыншы орында. Қазір Үкімет Doing Business рейтингінде одан да жоғары орындарға ие болу мәселесін шешуде. Осы мақсатта ұлттық және субұлттық деңгейлерде бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту үшін жаңа, жетінші заңнамалық түзетулер пакеті дайындалды", - деді Сағынтаев.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар Қазақстан үкіметі инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасау саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Аталған бағытта 2017 жылы жаңа ұлттық инвестициялық стратегия қабылданып, іске асырылуда, сонымен қатар шетелдік және аймақтық құрылымдар желісімен "Кazakh Invest" ұлттық компаниясы жұмыс істеуде. Бұдан өзге, маңызды елдерде Қазақстан елшіліктерінде елшілердің инвестициялар жөніндегі кеңесшілері тағайындалады.

Жеке ретінде — экспорт өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін арнайы экспорттық стратегия және "Kazakh Export" ұлттық компаниясы құрылды.

Ел үкіметі сонымен қатар инвестицияларды дамыту және кәсіпкерлік саласында бірқатар түбегейлі шараларды қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу