ҚР үкіметі жаңа форматтағы ҰБТ өткізу қорытындысын шығарды

1008

ҚР үкіметі жаңа форматтағы ҰБТ өткізу қорытындысын шығарды

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында жаңа форматта өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу мен ТжКБ білім алушыларының кешендік тестілеуінің қорытындылары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл ҰБТ-ның жаңа формат бойынша жүргізілгенін және екі рәсімге: мектептердегі бітіру емтихандары секілді қорытынды аттестаттау және ЖОО-ға қабылдау емтиханына бөлінгенін атап өтті. Бұл формат Жапонияның, Израильдің және АҚШ-тың халықаларық тәжірибесін талдау нәтижесінде әзірленген.

Айта кету керек, ҰБТ-ның мазмұндық бөлімінде логикалық ойлау деңгейін, базалық құзыретті және әрі қарай оқуға деген қабілеттілікті, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға бағдарланған тестілер болды.  Бұдан өзге биыл алғаш рет тестілеудің онлайн-таратылымы іске қосылды. Бұл барлық ниет білдіргендерге Қазақстанның кез келген жерінен тестілеу үдерісін бақылауға мүмкіндік берді, сәйкесінше бұзушылықтардың санын төмендетті.

Жалпы ҰБТ-ға 88 595 адам қатысты, бұл өтінім бергендердің 95%-ын құрады. Тестілеу қорытындысына сәйкес республика бойынша орташа балл 140-тың 80,5-ін құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 125-тің 81-ін құраған болатын. 50 балдан тұратын межелік деңгейден 74 517 түлек асты, бұл 84%-ды құрады. Кешендік тестілеу 17-23 шілде аралығында жоғары оқу орындарының 48 пунктінде өтті. Оған қатысуға 54 649 өтінім берілді, іс жүзінде тестілеуге 50 416 адам қатысты. 50 балдан тұратын межелік деңгейден 21 078 адам немесе түлектердің жалпы санының 42%-дан асты. Межелік деңгейден өтпегендер тестілеуден қайтадан өте алады. Құжаттарды қабылдау – 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу 19-24 тамыз аралығында өтеді. Межелік деңгейден екінші ретте де өтпей қалған жағдайда ЖОО-ға бір семестрге ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу