ҚР Ұлттық банкі "Игілік монетасын" айналысқа шығарды

846

ҚР Ұлттық банкі "Игілік монетасын" айналысқа шығарды

ҚР Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік "Игілік монетасы" ("Тасбақа") коллекциялық биколорлы монетасын айналысқа шығарды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Биколорлы монета бойтұмар-медальон түрінде орындалған. Монетаның жоғарғы бөлігінде алқа немесе бау үшін тесік жасауға болатын ойық орын бар. Монетада тасбақа қабығының пішіні мен түсіндей бейнелі қондырма түрінде тантал пайдаланылады. Монеталарды дайындаған кезде танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды.

"Игілік монетасы" графикалық композициясының негізіне Қытай мифологиясындағы тасбақа нышанының бірден екі маңызды түсіндірмесі енгізілді. Біріншісі – тасбақа ұзақ өмір, сәттілік және игілік нышаны ретінде. Екіншісі – мықты қорғаныш қасиеті бар Ло Шу сиқырлы шаршысы туралы аңыз.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнектің қоршауында монетаның номиналын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазба орналасқан. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ұлттық ою-өрнектің элементтері бейнеленген. Айналдыра  мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазба және екінші жолында ұлттық ою-өрнек элементтері, соғылған жылын білдіретін "2017" деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925  19,3g  Ta 20,0g" деген жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) "Ло Шу сиқырлы шаршының" тоғыз цифрының стильдендірілген бейнесі тасбақа қабығында бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ИГІЛІК МОНЕТАСЫ", орыс тілінде "МОНЕТА БЛАГОПОЛУЧИЯ", ағылшын тілінде "THE WELL - BEING COIN" деген жазба және ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген.

Монета биколорлы орындауда дайындалған, массасы 39,3 грамм (сақинасы – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 19,3 ± 0,15 грамм, диск – массасы 20 ± 0,25 грамм танталдан), сипатталған шеңбер диаметрі – 38,61мм., дайындау сапасы "proof", ең көп таралымы – 2,5 мың дана, қыры (гурты) бедерсіз және жазусыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу