ҚР Ұлттық Банкі мен Иранның Орталық Банкі меморандумға қол қойды

925

ҚР Ұлттық Банкі мен Иранның Орталық Банкі меморандумға қол қойды

2016 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласында Иран Ислам Республикасынң Президенті Х. Руханидің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында ҚР Ұлттық Банкі мен Иран Ислам Республикасының Орталық банкі арасындағы екіжақты сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Меморандум екі ел арасындағы өзара сауда есеп айырысуларын дамытудағы коммерциялық банк құралдарының және бастамалардың басым сипатын бекітеді.

Орталық банктер арасындағы одан әрі ынтымақтастық жасау көзделеді және Қазақстан мен Иранның коммерциялық банктері арасындағы кредиттік желілер тетігін ілгерілетуге, өзара корреспонденттік қатынастарды орнатуға және дамытуға қолдау көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу