ҚР ұлттық банкінің төрағасы Америка сауда палатасы өкілдерімен кездесті

1086

ҚР ұлттық банкінің төрағасы Америка сауда палатасы өкілдерімен кездесті

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың Америка сауда палатасының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Данияр Ақышев еліміздің орталық банкі ретінде ұлттық банк жаһандық үрдістер мен сын-қатерлерді ескере отырып уақтылы шаралар қабылдау үшін ел ішіндегі ғана емес, одан тыс жерлердегі үрдістерді де мұқият қадағалап отыратынын айтты.

"Соңғы жылдары дамушы елдер нарықтары әлемдік экономикада айтарлықтай маңызды рөл атқара бастады. Дамушы елдердің әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 60%-ды құрайды, ал 10 жыл бұрын ол 49% болатын. Дамушы нарықтардың әлемдік ­ІЖӨ-нің өсуіне қосқан үлесі 2008 жылдан бері 80%-ды құрады және дамушы елдердің ІЖӨ-нің орташа өсуі дамыған елдердің өсуінен үнемі асып отыр", - деді Данияр Ақышев.

"Сыртқы нарықтардағы ахуал бізге жағымды болды және оң үрдістерге ықпал етіп отыр. Мұнайдың әлемдік бағасы салыстырмалы түрде  тұрақтанды. Ресей экономикасы инфляция бір мезгілде төмендеген кезде оң өсуді көрсетіп отыр. Қытай экономикасы инфрақұрылымға инвестициялармен және тұрғын үй құрылысын кредиттеумен қолдау табатын орнықты дамуды көрсетуді жалғастырып отыр", –  деді Д. Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу