Кредит алған кәсіпкерлердің 80 пайызының төлемі кейінге қалдырылды – Руслан Дәленов

664

Парламенттік тыңдауда ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 700 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдігіне ие болғанын мәлімдеді. 

Кредит алған кәсіпкерлердің 80 пайызының төлемі кейінге қалдырылды – Руслан Дәленов Фото: primeminister.kz

"Биыл шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Шара шеңберінде бизнес субъектілеріне салықтық ынталандыру жасалды, жеңілдетілген несие берілді, қарыз қайтару мерзімі шегерілді, әкімшілік жүктеме азайтылды", – деді ол. 

Министр 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан 3 жылға босатылғанын еске салып, бизнес экономиканың зардап шеккен салалары бойынша еңбекақы төлеу қорынан салық төлеуден жарты жылға босатылғанын баяндады. 

"Кәсіпкерлерді әлеуметтік төлем, соның ішінде зейнетақы жарнасы мен МӘМС жарнасын төлеуден босату мерзімі жыл соңына ден ұзартылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосымша құн салығы 12%-дан 8%-ға уақытша төмендетілді. Жыл соңына дейін ШОБ-тың ең осал секторлары үшін мүлік салығының және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығының мөлшерлемесі алынып тасталды", – деді Руслан Дәленов.

Бұдан кейін министр 700 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдігіне ие болғанын айтты. 

"Қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бизнесті қолдау бағдарламаларына бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда пайыздық  мөлшерлеме 6% болып бекітілді. Салалық шектеулер алынып тасталды, микрокредиттеу енгізілді. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қаржыландыру 1 трлн теңгеге артты. 8% мөлшерлемемен кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы әзірленді. Экономиканың зардап шеккен салаларында ШОБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау басталды. Зардап шеккен секторлардағы кредит алған кәсіпкерлердің 80%-ның төлемі кейінге қалдырылды. 700 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдігіне ие болды", – деді Руслан Дәленов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу