Кремль астық мәмілесінің тоқтатылғанын хабарлады

1090

Қара теңіз келісім-шарты іс жүзінде тоқтатылды, Ресейге қатысты астық мәмілесі бойынша шарт орындалмады.  

Кремль астық мәмілесінің тоқтатылғанын хабарлады Фото: РБК

Бұл туралы Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Шын мәнінде, Қара теңіз келісім-шарты бүгін өз жұмысын тоқтатты. Ресей Федерациясының президенті бұған дейін айтқандай, оның мерзімі 17 шілдеде аяқталуы тиіс еді. Өкінішке орай, осы Қара теңіз келісіміндегі Ресейге қатысты бөлік әлі орындалған жоқ", - деді Кремль өкілі. - Астық мәмілесі тоқтады. Ресей бөлігі орындалып жатса ресейлік тарап бұл мәмілені жүзеге асыруға дереу оралады".

Ресей Түркияны, Украинаны және БҰҰ Хатшылығын астық мәмілесін ұзартуға қарсылық білдіргені туралы ресми түрде хабардар етті, деп мәлімдеді РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу