Криптовалюта құлдырады

798

Криптовалюта құлдырады

Криптовалютаның құлдырауы жалғасып жатыр. Бұл виртуалды ақшаның төмендеуіне соңғы кезде нарықты бақылаудың қатаңдауы мен оған деген күдік-күмәннің күшеюі әсер еткен, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Биткоин курсы сауда барысында өткен жылдың қарашасынан бері алғаш рет 6000 доллардан төмендеді. Coin Desk мәліметі бойынша сейсенбі күні ол 5995,58 долларға саудаланған.
Бүгін Мәскеу уақытымен 11:15-те биткоин 6156,13 долларды құрады. Өткен сауда сессиясының жабылуындағы курспен салыстырғанда 11 пайызға құлдыраған.     

Ripple, Ether және Litecoin криптовалюталары да бірден әлсіреген.                   

Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша, екі америкалық реттеуші конгреске  криптовалютамен сауда алаңдарын федеральді бақылауға алуды ұсынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу