Криптовалюталар Қазақстанның қаржы жүйесін құлдыратып жіберуі мүмкін – Мәжіліс депутаты

Екатерина Смышляева неліктен криптовалюта төлем құралына айналмайтынын түсіндірді.

Криптовалюталар Қазақстанның қаржы жүйесін құлдыратып жіберуі мүмкін – Мәжіліс депутаты

Майнингтік қызметті реттейтін заң жобалары пакетін қорғаған депутат Екатерина Смышляеваға криптобиржалар елімізде заңды түрде жұмыс істей ала ма деген сұрақ қойылды.

Оның айтуынша, криптовалюталарды мойындау автоматты түрде криптовалюталарды заңдастыруды дегенді білдіреді.

"Шын мәнінде мұнда ұлттық валютаның "тәуелсіздігін" жоғалтып алу қаупі бар. Бұл біздің тәжірибеміз ғана емес, бұл халықаралық тәжірибе. Криптовалюта – нақты актив емес және ол жалпы қаржы жүйесін құлдыратып жіберуі мүмкін", деді депутат.

Еске сала кетсек, Мәжілістегі талқылау нәтижесінде "Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы" заң жобасы мақұлданды. Ол салықтық, энергетикалық талаптарды қамтыды. Ал криптовалюта айналымы мен айырбастау тек АХҚО юрисдикциясы аясында жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу