Криптовалютаны айырбастау пунктерінен сатып алуға рұқсат етіледі

149

Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп цифрлық активтердің айналымын реттейтін заңнамалық түзетулерді әзірледі.   

Криптовалютаны айырбастау пунктерінен сатып алуға рұқсат етіледі Фото: pixabay.com

Бұл туралы Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кепілдендірілген және кепілдендірілмеген цифрлық активтер ажыратылады. Екіншісі – криптовалюта. Нарық қатысушыларының жаңа санаты – криптовалюта айырбастау қызметтерін жеткізушілер (крипто айырбастаушылар) пайда болады.

Олар Ұлттық банктің лицензиясы мен қадағалауымен жұмыс істеп, криптовалютаны ақшаға айырбастайды. Сатып алуға болатын криптовалюталардың тізімін де реттеуші белгілейді.

Криптобиржалар Астана халықаралық қаржы орталығының құзырында жұмысын жалғастырады. Жаңа шаралар оларға әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу