"Крокустегі" оқиға кезінде көзсіз ерлік жасаған жастар марапатталды

2530

Мемлекеттік Дума алты жасөспірімді марапаттап, олардың ата-аналарына ризашылықтарын білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Крокустегі" оқиға кезінде көзсіз ерлік жасаған жастар марапатталды Фото: miloserdie.ru

Марапаттарды Балалар омбудсмені және Мемлекеттік Дума депутаттары табыс етті.

"Менде күш өте аз болды. Өйткені ол кезде өзімде де қорқыныш басым болды. Бірақ олардың да мен сияқты адамдар екенін, өмір сүргісі келетінін және оларға көмек қажет екенін түсіндім", – деді "Мәскеу мемлекеттік оқу кешені" колледжінің 1 курс студенті Елизавета Терехова.

"Жанымда досым болды. Ол қазір ауруханада. Адамдарға шығар есікті екеуміз бірге көрсеттік", – деді мектеп оқушысы Александр Журик.

Ал Ислам Халиловтың сөзінше, ол бұрыс бағытта жүгіріп келе жатқан адамдарды көріп, оларды дұрыс жолға бағыттаған.

"Сол сәтте оларға көмегім керек екенін түсіндім. Әрі қарай адамдарды құтқаруға дайын болдым", – дейді Ислам Халилов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу