KTZ Express госпиталь салуға арналған қажетті заттарды жеткізді

790

Құрама құрылымдардан жасалған модульді медициналық мекеме 280 кереуетке есептелген.  

KTZ Express госпиталь салуға арналған қажетті заттарды жеткізді

KTZ Express Алматы қаласының маңында BI Group компаниясы салатын жұқпалы аурулар госпиталінің құрлысына арналған 226 жылжымалы үй жеткізілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды "Қазақстан Темір жолы" ҰК баспасөз қызметі.

Оторная стансасынан (Маңғыстау облысы) Бурундай стансасы (Алматы) бағытында 52 фитинг платформасынан, 37 ашық вагоннан, 2 әмбебап платформадан және 1 жабық вагоннан тұратын контейнерлік пойыз жіберілді.

Бір қызығы, жөнелтім қатысушыларының үйлесімді жұмысының арқасында құнды жүк жеткізіліміне бар-жоғы 3 күн жұмсалып, белгіленген жерге бір күн ертерек жеткізілді.

Хабарламаларға сәйкес, ғимарат жер сілкінісіне төзімді және жылжымалы, демек қажет болған жағдайда оны мегаполистің кез келген аймағына жеткізуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу