KTZ Express жаңа контейнерлік қызметті іске қосты

714

Контейнерлік пойыздың құрамы 44 қырық футтық контейнерден тұрады.

KTZ Express жаңа контейнерлік қызметті іске қосты

Алғаш рет Қытай-Түрікменстан бағытындағы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы жүріп өтті. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Пойыз Қытайдың Цзинан-Нан стансасынан жіберіліп, қазақстандандық шекара стансалары Хоргос, Алтынкөл және Болашақ арқылы Түрікменстанның Гыпджак стансасына бағыт алды.

Контейнерлік пойыздың құрамы 44 қырық футтық контейнерден тұрады.

Пойыздың межелі жерге дейінгі жалпы жол жүру уақыты – 8 күн.

KTZ Express клиенттері үшін жаңа контейнерлік қызметтің артықшылықтары –Қытайдан Түркіменстан нарығына тауарларды жеткізу уақытының оңтайлылығы. Жаңа контейнерлік пойыз сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер аша отырып жүк тасымалының көлемін арттырады.

KTZ Express – "Қазақстан темір жолының" еншілес компаниясы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу