ҚТЖ 9 айда 29 миллиард теңге шығын көрді

888

ҚТЖ 9 айда 29 миллиард теңге шығын көрді

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясы 29,5 млрд теңге шығынға ұшырады. 2016 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша ҚТЖ 23,5 млрд теңге пайда тапқан, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚТЖ компаниясының кірісі 9 айда 659,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың үш тоқсанының көрсеткішімен (597,1 млрд теңге) салыстырғанда 10,4 пайызға төмен болды.

Тасымалдаушының жалпы түсімі 130,7 млрд теңгені құрады. Ал, 2016 жылы 126 млрд теңгені құраған (3,7 пайызға төмендеді).

2016 жылы тоғыз айдың ішінде 37 млрд теңге пайда тапқанына қарамастан, салық салуға дейінгі шығын 32 млрд теңгені құрады.

Компания активтері 2017 жылдың 30 қыркүйегінде 2,3 пайызға артып, 3,1 трлн теңгені құрады. Сонымен бірге компанияның капиталы 2,8 пайызға (1,2 млрд теңгеге дейін), ал міндеттемелер — 1,9 пайызға (1,9 трлн теңгеге дейін) өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу