"ҚТЖ" АҚ-ның еншілес компаниясын тексеру басталды

1420

Компания мәні бірдей келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдану арқылы монополиялық жағдайды теріс пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

"ҚТЖ" АҚ-ның еншілес компаниясын тексеру басталды

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның еншілес компаниясы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ға қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәліметінше, темір жол жүк тасымалы нарығында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясы (95%-дан аса) басымдыққа ие. 

"2004 жылдан бастап жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер бәсекелестік ортаға берілді. Алайда бұл нарықта бәсекелестік әлі дамымаған. Жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін лицензия керек, бірақ оның болуы темір жол инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етпейді (48 лицензия берілді). Пилот режимде белгілі бір маршруттарда екі жеке тасымалдаушы ("ТТТ Сервис" ЖШС және DarRail ЖШС) жұмыс істейді, олардың үлесі 5%-ға аз", – деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар нарықтары мен монополиялық топтарды монополиясыздандыру, сондай-ақ нарықта мемлекеттік компаниялар санын қысқарту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды ұсынады.

"...."ҚТЖ-Жүк тасымалы" бәсекелестік нарықта өз компанияларына жеңілдіктер береді, бұл бәсекелестікті шектейді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу