"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Қытай, АҚШ және Франциядан 24 жаңа локомотив сатып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа локомотивтер CRRC (Қытай), Wabtec (АҚШ) және Alstom (Франция) компаниялары шығарған. Үшеуі де Қазақстан үшін техника дайындайды.

CRRC қытай компаниясы Қазақстан үшін магистраль және маневтрлі тепловоздар дайындаған. Гидрид локомотив дизель қозғалтқышпен, сонымен бірге литий аккумуляторларымен қозғалады. Бұл оның станцияларға шусыз келуіне көмектеседі.
Бұған қоса, Қазақстан Францияның Alstom компаниясынан электровоздар алды.
Ұлттық компания машиналардың бәрі сынақтан өткенін, талаптарға сай және климатқа бейімделгенін атап өтті.