"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ тариф қалыптастыру саясаты шеңберінде республикаішілік қатынаста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушының қызметтері тарифтеріне 0,3 төмендету туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 30 астам атауына қолданылады және отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған.
Жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40% қысқарады деп күтілуде, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырудың қосымша құралы болады.
Тарифтер туралы толық ақпарат ресми сайттарда орналастырылған:
- "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ – "Инфрақұрылым" → "Тарифтер" бөлімінде;
- "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС – "Тарифтік саясат" және "Клиенттерге" бөлімдерінде.