ҚТЖ Баку зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыруға келісті

474

Кемелерді салу туралы келісімшарттарға 2026 жылы сәуірде қол қойылды.

ҚТЖ Баку зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыруға келісті Фото: rail-news.kz

Мемлекет басшысының АӨСШК саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапары аясында "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның еншілес компаниясы "KTZ Express Shipping" ЖШС үшін екі әмбебап құрғақ жүк кемесін салу жобасы бойынша құжаттар алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рәсімге "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі, AZCON Holding-тің бақылау кеңесінің төрағасы Рашад Нәбиев қатысты.

Кемелер Әзербайжандағы Баку кеме жасау зауытында салынады. Жаңа құрғақ жүк кемелерін Азия мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарында (ТХКБ) пайдалану жоспарланып отыр.

Қазақстанның өз теңіз флотын дамытуы жүк тасымалын басқару тиімділігін арттыруға, Транскаспий бағдарының тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық жүк ағындарын тарту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр және мультимодальды көлік-логистика жүйесін дамытуға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға және халықаралық көлік бағыттарындағы рөлін күшейтуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу